©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

Бас маманның функциялық міндеттері

«Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Белағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Белағаш ауылы Советская көшесі, 52, индекс: 070402, телефон/факс: 8(72351)28218, электрондық мекенжайы: (kadr@boroduliha.vko.gov.kz) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына Е-G-3 ( 14-08-3), санатының бас маманына конкурс жариялайды, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 53813 теңгеден 73495 теңгеге дейін – 1 бірлік; жетекші маманына конкурс жариялайды, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 50644 теңгеден 67300 теңгеге дейін – 1 бірлік.

(14-08-3) бас маманның функциялық міндеттері:

Әлеуметтік және тұрғын үй көмек мекен жай құжаттарын дер кезінде жүргізу және ресімдеу. Әлеуметтік қорғанылмаған қатардағы тұрғындар және азматтардың санат жеңілдік жұмыстары Қамқоршылықсыз қалған Тұрмысы қолайсыз отбасы балалары және ата-аналарының қамқорлығынан қалған, кәмелет жасқа толмаған балалардың қамқоршылық және қамқор орган жұмыстарына жәрдемдесуін көрсету. Діни бірлестіктер және қоғам, жастармен жұмыс. Ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүргізу.

Конкурсқа қатысатындарға қойылатын біліктілік талаптары:

Жоғары кәсіптік (гуманитарлық, заңгерлік, экономикалық, техникалық немесе ауылшарушылық) ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі (гуманитарлық, заңгерлік,техникалық немесе ауылшарушылық) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес еңбек өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

(14-08-5) жетекші маманның функциялық міндеттері:

Округ аймағында діни ұйымдарменен жұмыстарын жүргізу. Әскери есеп, әскерге шақыртылғандарменен және әскерге дейінгілерменен жұмыс істеу. Ауылдық зират маңайының жағдайларын бақылауын жүзеге асырады. Агроөнеркәсіп саласында және базарларда тұтынушылар, талаптарының дамуы бойынша жоспарлау сұрақтарымен жұмыс жасау.

Азаматтардың жер құрлыстарының өзгеру құжаттарын және өзгерістерді азаматтардың шаруашылықтар бойынша есепке алу кітабына еңгізуін бақылау.

Конкурсқа қатысатындарға қойылатын біліктілік талаптары:

Жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының  «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес саладағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі.

Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Құжаттарды қабылдау мерзімі

: Конкурс өткізу туралы ақырғы хабарлама жарияланғаннан күннен бастап 10 жұмыс күні.

Қажетті құжаттар тізбесі:

нысан бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен нысан бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмесі; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі; құжаттарды тапсыру кезіне жарамды шекті мәннен төмен емес нәтиже көрсеткіштерімен тестілеуден өткені туралы сертификат.

Азаматтар құжат тігілетін мұқабада орналастырылған құжаттарды қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде, сонымен қатар электрондық почта мекен-жайына бере алады (құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей береді).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мемлекеттік органның интернет-ресурсында және ғимаратында орналастырылады.

Әңгімелесу кандидаттарды хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өткізіледі.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
?


bdrrhm-by-haqverdiyev---116.html

bdrrhm-by-haqverdiyev---14.html

bdrrhm-by-haqverdiyev---19.html

bdrrhm-by-haqverdiyev---23.html

bdrrhm-by-haqverdiyev---28.html