2011 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша 2664 белсенді шағын және орта бизнес субъектілері жұмыс істеп, өткен жылға қарағанда олардың саны 0,7 пайызға артып отыр. Кәсіпкерлік субъектілерінде шығарылған ішкі өнім көлемі 2 млрд 300 млн теңгені құрап, өткен жылғыдан 4,5 пайызға артқан. Кәсіпкерлік саласында 7700 адам жұмыспен қамтылып, бұл көрсеткіш өткен жылғыға қарағанда 400 адамға өскен

.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 2005-2010 жылдары белсенді жұмыс істейтіндердің өсу деңгейі 36,7 пайызды құрайды. Оның ішінде жеке кәсіпкерлік 219 пайызға, шаруа қожалықтары 125,1 пайызға өссе, ал шағын кәсіпкерлік 37,7 пайызға кеміген.

Кәсіпкерліктердің белсенділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жыл сайын «Қазақстанның үздік тауарлары», «Алтын сапа» және «Парыз» атты байқаулар өткізіледі. Сонымен 2010 жылы республикада және облыста ұйымдастырылған «Қазақстанның үздік тауарлары» байқауында «Айналайын» мемлекеттік емес ұйымы жүлделі орынға қол жеткізді.

Кәсіпкерлік саласын, біріншіден, шағын және орта бизнесті қолдауға және жақсарту үшін 2010 жылы іске қосылған арнайы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы әзірленген.

Бағдарлама шеңберінде облыста 2010 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 912,0 млн. теңгеден аса қаржы бөлінген. Оның 600,3 млн. теңгесін жеке кәсіпкерлікті қолдауға, 312,0 млн. теңге – индустриалдық инфрақұрылымды дамытуға мақсатты трансферттер құрайды.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының негізгі ережесін насихаттау үшін ауданда кәсіпкерлік құрылымының ішінде кең ауқымды насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Барлық ауылдық округтерде бағдарламаның негізгі ережесін насихаттау бойынша семинар-кеңестер жүргізілген.

1) Үстімізегі жылдың 6 мамырында «Даму» «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өңірлік бөлімшесімен бірлесе отырып, кәсіпкерлердің, екінші деңгейдегі банк бөлімшелері басшыларының қатысуымен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының ережелерін түсіндіру жөнінде кеңес өткізілді.

2) Облыстық тиісті басқарма мен «Даму» «Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның өңірлік бөлімшесімен бірлесе отырып қазан айында аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Сондай-ақ аудандық ақпарат құралы арқылы да кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жергілікті атқарушы органдармен «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының шеңберінде ЕДБ-ге келіп түскен жобалар бойынша мониторингі жүргізілуде.


©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

Бәсекелестікті дамыту - Мазм ұ н ы кіріспе

Бәсекелестікті дамыту


Аймақтың табиғи климаттық орналасу жағдайына сүйене отырып төмендегі салалар бойынша бәсекелестікті дамытуға жағдай жасауға болады:

  • агроөнеркәсіп комплексін;

  • өнеркәсіп пен саудадағы шағын және орта бизнесті;

  • туризм мен қызмет саласын.

Ауданда негізгі азық-түлік тауарларына деген бағаның артуына жол бермеу туралы қажетті шаралар қабылданды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген негізгі азық-түлік тауарларының 44 түрі бойынша және жанар-жағар майдың бағаларына мониторингі тұрақты жүргізіледі. Азық-түлік тауарлары мен олардың қоймаларда қалған қалдықтары қорының апталық мониторингін жүргізу іске асырылуда. Бөлшек сауда жасайтын кәсіпорындармен азық-түліктік және азық-түліктік емес тауарлардың бағаларын негізсіз көтеруді болдырмау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Азық-түлік нарығы мен жанар-жағар май нарығындағы жағдайды реттеу жөнінде облыстық Штаб құрылды және ол жұмыс істеуде. Әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларына деген бағаның күрт өсуін болдырмау жөніндегі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

Жыл сайын күз мерзімінде ауылдық округтер апта сайын жеміс-көкөніс өнімдерінің жәрмеңкелері базар нарығынан төмен бағамен өткізіледі.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіндегі әкімшілік кедергілерді төмендету мақсатында ауданда әкімшілік кедергілерді қысқарту жөніндегі Республикалық жұмысшы тобы мәжілісінің 2010 жылғы 4 мамырдағы хаттамалық шешімін орындау мақсатында жергілікті деңгейдегі рұқсат беру жүйесін оңтайландыру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Ауданда аумақтық мемлекеттік органда рұқсат беру рәсімдерін оңтайландыру жөнінде Жұмысшы топтар құрылды. Оның құрамына тиісті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге бизнес қоғамдардың өкілдері де енгізілді.

Жүргізілген жұмыстардың қорытындылары бойынша Төмендегідей ұсыныстар айтылды:

- құрылымдық бөлімшелер (аудан әкімдігінің жер қатынастары, архитектура және қала құрылысы) арқылы берілген рұқсат ету құжаттарының мерзімін қысқарту.

Әкімшілік кедергілерді жою, оның ішінде рұқсат беру жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау жөніндегі аудандағы жұмыстар тиісті жұмысшы топтардың аудандық деңгейде жалғастырылатын болады.

Талдау нәтижелері экономиканың бірқатар сегменттерінде бәсекелестікті дамытудың жеткіліксіздігін көрсетеді. Сонымен, ауданда бензин мен дизельді отынды бөлшектеп сату нарығы нарықтық шоғырланудың жоғарылығымен және бәсекелестіктің дамымағандығымен сипатталады.

Бұл тауар нарығындағы бәсекелестікті дамыту үшін төмендегідей шаралар қарастырылған: тиісті жер учаскелерін Жанармай бекеті құрылысы үшін тек конкурс өткізу негізінде беруді іске асыру, бұл ретте конкурсқа қатысушылар мен оның ұйымдастырушыларының үлестестігіне жол берілмеу керек.

Ауданда бәсекелестігі дамымаған нарықтық шоғырлануының жоғары деңгейімен сипатталады, мұнда нарыққа жаңа қатысушылардың енуі үшін кедергі негізінен әкімшілік тарапынан туындайды.

Бұл кедергілерге мыналар жатады:

жер учаскелерін беруге немесе ғимараттарды қайта жаңғыртуға кедергі болу, жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындаудан құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу мен басқа да құжаттарды алғанға дейінгі ұзын сонар рәсімдеу шаралары, сондай-ақ көп мөлшердегі инвестицияның қажеттігі.

Осыған байланысты, өңірдегі бәсекелестікті дамыту шаралары ретінде мыналар белгіленді: жаңа кәсіпкерлерді тарту мақсатында тауарлар мен қызметтер қажеттілігі, өңірлік нарықтар туралы ақпараттарды жинау, талдау және жариялауды ұйымдастыру, жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметінің ақпараттық айқындылығы бөлігіндегі жұмыстарды жалғастыру.

Осылайша, әкімшілік кедергілерді жою және бәсекелес нарықты дамыту жөніндегі облыстағы жұмыстар ары қарай да жалғасын табатын болады.

Шағын және орта кәсіпкерлік


Өңірде шағын және орта кәсіпкерлік жолға қойылған экономикалық сала ретінде бағаланады. Шағын және орта бизнес халықтың жұмыспен қамтылуының айтарлықтай пайызын, тауарлар мен қызметтердің кең көлемді саласын қалыптастыруды, бюджетке салық түсімдерінің маңызды үлесін қамтамасыз етеді. Аудандағы шағын және орта кәсіпкерліктің даму көрсеткіштері түсімдік динамикасына ие, бұл экономиканың осы саласының дамуының оңды үрдістерінен көрініс береді.

2005-2010 жылдардағы шағын және орта кәсіпкерлік

көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы

1 кесте

Көрсеткіштер атауы



Жылдар




2005



2006



2007



2008



2009



2010



Белсенді субъектілер саны, бірлік

1948

2314

2577

2577

2643

2663

Өнім шығару, млрд. теңге

1,1

1,3

1,2

2,2

2,3

2,3

Барлық жұмыс істейтіндер саны, мың адам.

3,0

5,0

6,0

7,0

7,3

7,7
?


elmi-srlr--2016--579-84.html

elmi-srlr--2016--579-89.html

elmi-srlr--2016--579-93.html

elmi-srlr--2016--579-98.html

elmi-srlr--2016--6-76-12.html