©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

Бәсекелік қабілетті арттыру бойынша нақты ұсыныстар беру және оларды шешу жолдарын анықтау


Бәсекелік қабілетті арттыру бойынша нақты ұсыныстар беру және оларды шешу жолдарын анықтау


2 сурет. Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру жолдары.


Ендігі кезекте, өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизміндегі ұсынылған негізгі тетіктердің құрамалары мен олардың маңыздылығын сипаттап өтейік.

Әлемдік нарықтың қатаң талаптары мен бәсекелік шарты отандық шұжық өндіруші кәсіпорынның сол талаптар мен шарттарды ұстануын қалайды. Өйтпеген жағдайда, әлемдік нарықта осы өнім түрлері бойынша негізгі өндірістер саналатын мемлекеттер, өздерінің бәсекелік ықпалымен, еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің нарықтарын "игеріп алуы" қиын емес.

Әсіресе, бұл мәселе елдердің Халықаралық Сауда ұйымына кіру барысында өткір күйінде қалып отыр. Ішкі нарықтың сыртқы өндірушілерге кедергісіз ашылуы отандық өнімнің оларға тосқауыл боларлық бәсекелік қабілетіне сүйенеді.

Қазіргі кезде әлемнің 130 жуық мемлекеті әлемдік сапа жүйесін бақылайтын Халықаралық стандарттау ұйымына мүшелікке өткен. Бұл ұйымның дацындаған, 7 қағидадан тұратын сапаны басқару стандарттарына отандық шұжық шығару кәсіпорындары өнімдерін сәйкестендіру - әлемдік нарықта бәсекелесудің алғы шарты. Ол қағидалар кәсіпорынды мыналарға міндеттейді:



  • үрдістерді айқындауға;

  • олардың реттілігі мен өзара байланыстарын белгілеуге;

  • оларды тиімді пайдалану мен бақылаудың әдістерін анықтауға;

  • осыған қажетті ресурстармен және ақпараттармен қамтамасыз етуге;

  • үрдістерді бақылауға, өлшеуге және талдауға;

  • жоспарланған нәтижелерді алуға және осы үрдістерді әрдайым жетілдіруге қажетті шараларды іске асыруға;

  • ИСО 9001:2000 талаптарына сай осы үрдістерді басқаруға.

Сондықтан да, ішкі нарықтағы шұжық өнімдерінің бәсекелік қабілеті, ең алдымен, олардың сапасына байланысты. Жалпы мағынада, өнімнің сапасы – "бұл оның белгіленген мақсатына сай нақты қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын қасиеттердің жиынтығы". Өнімнің бәсекелік қабілетін қалыптастыруда кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру, ең алдымен, Халықаралық сапа стандартының талаптарына негізделуі тиіс. Тамақ өнімдерінің сапасы адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Сондықтан да, өндірілетін өнімнің стандартқа сай болуын қадағалау маңызды жағдай. Стандарттағы талаптар тамақ өнімдерінің адам ағзасына тигізер әсерін, өнімнің химиялық, биологиялық құрамын анықтап, олардың шекті мөлшерін белгілейді, олар адам ағзасына қажетті заттармен толық болуы тиіс (белоктар, майлар, көміртегілер, минералдық элементтер, витаминдер, т.б). Бұл стандарттар әлемдік нарыққа шығудың тұтынушылардың өзгермелі сұранысын қанағаттандырудың, өндірістік жүйенің тиімділіктерін бақылаудың дұрыс шешімі болмақ.

1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері

және анықтау әдістемелері


Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі терең әрі ауқымдды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсеке қабілеттілік, еркін сауда, жеке меншік билігі т.б. осы секілді ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегінде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі – бәсеке және бәсеке қабілеттілік ұйымдарын одан әрі өрбіте түсті.

Жоғары тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталмағандық жағдайында ұзақ мерзімдік перспективада кәсіпорынның әрі қарай гүлденіп, өркен жаюының кепілдігін қамтамасыз ететін бәсеке қабілеттілік пен бәсеке қабілетті басқару жүйесі, сондай-ақ бәсеке қабілетті стратегия тиімді басқарудың мақсатты құралы ретінде әртүрлі функционалдық бағыттағы және әртүрлі бизнес аясында жұмыс істейтін, тауарлар өндіріп, қызмет көрсететін ұйымдар үшін әсіресе өзекті болып отыр.

Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан осы бір мәселеге көп көңіл аударуда. Ол сату нарықтары, өткізу көлемдері, қосымша табысты табуды көздейтін өндірушілердің экономикалық стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес кәсіпорындар әрі шығарылатын өнімдердің бағаларын төмендету арқылы әрі нарықта бар өнімдерден сапалық көрсеткіштері жағынан ерекшеленетін өнімдерін өндіру арқылы бәсекелестерді ығыстыруға және нарықтағы жағдайларын нығайтуға ұмтылуы керек.

Бәсеке қабілеттілік ұғымы көпжақты болып, кәсіпорын іс-әрекетінің тауар секілді құрамдас бөліктерін сондай-ақ оның негізгі сипаттамалары болып табылатын сапа және өндіріс технологиясын қамтиды. Сонымен қатар ғылыми әдебиеттерде ұлттық экономиканың және аймақтық бәсеке қабілеттілігі ұғымдары қолданылады. Әр ұғымның құрылымы объектінің бәсеке қабілеттілігі оның бәсеке қабілеттілігі элементерінен және мақсатқа жетуде олардың өзара ұйымдасуынан тұратынын негіздейді.

Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі

– қатысты өлшем, өйткені ол сату уақыты мен нарықта бәсекеге түсетін ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерінде көрінуі мүмкін.

Осы арада кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі – бұл экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық мүмкіндіктердің жиынтығы.

Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі

– бұл бәсекелестік күрес жағдайында өзінің алып отырған нарықтық үлесін сақтап қалуға немесе кеңейтуге жеткілікті әлеуеті.

Кәсіпорының (фирманың) бәсеке қабілеттілігі

– кәсіпорынның ұлттық, халықаралық нарықтағы жағдайын анықтайтын кешенді экономикалық көрсеткіштерін және потенциялын қамтиды.

Байқалғанындай бәсеке қабілеттілігінің екі жағы бар. Бұлардың біреуі оның элементі және құраушы бөліктері (тауардың жоғары сапасы, тауардың қосымша қызметі, барлық қызмет көрсету мерзіміндегі нақты қызметі т.с.с) және нақты жағдайдағы тауар сату міндеттерінің нақты шешімі (жеке қабілеттіліктері бар нақты сатып алушы, оның мүмкіндігі және өзіндік талғам шкаласы бойынша нарықта бәсекелесуші кәсіпорындардың ішінен ұнайтынын шешуі, сатушының жеке қасиеттері). Бәсекелелік күрестегі жеңіс бәсеке қабілеттілік нәтижесін бейнелейді. Ал бәсеке қабілеттілік пен бәсекенің қатынасын потенциал – потенциялды қолдану қатынасы ретінде сипаттауға болады.

Әдетте бәсеке қабілеттілік бейімділік және жаңашылдық секілді екі ажырамас бөліктерден тұрады. Бейімділікті икемдеу қасиеті, кәсіпорының сыртқы ортамен қатынасының формасы және ұйымшылық қайта құрудың үрдісі ретінде түсінеміз. Өз кезегіндегі жаңашылдықты жаңару мүмкіндігі және минималды өзіндік құн, технологиялық, ритмділік критерилері бойынша ұйымшылдық процестерді қайта құру ретінде ұғынамыз. Егер де бейімділік кәсіпорынның сыртқы орта өзгерістерінде деген реакциясын көрсетсе, онда жаңашылдық өз іс-әрекетінде шешім қабылдау және жаңа элементтерді игерудің негізінде өзгерген іс-әрекет бағытын сипаттайды.

Бәсеке қабілеттіліктің екі қасиетін қалыптастыруда кәсіпорындар ұйымның жекелей элементтеріне сүйенеді. Жеке тұғыдан алғанда бейімділік қасиеті ұйымның әркелкі өнімдер өндіретін технологиялық құрал-жабдықтары және тұтастай алғанда техникалық базасы болмайынша қалыптаспайды.

Бәсеке қабілеттілік ұғымының екінші қасиеті болып табылатын жаңашылдық жаңалықтың екі түрін игеру мүмкіндігіне сүйенеді. Бір тұсы бұл өндірістің техника-технологиялық жаңартылуымен байланысты техникалық жаңалық болып табылады. Мұның құрамына құрал-жабдықтар мен аппаратура, өндірістің техникалық құралдары және НИОКР-ді техникалық қамтамасызету, сондай-ақ, өнімдерді өндіру технологиясы аясындағы жаңалықтарды игерудің әдістері мен тәсілдері кіреді.

Жаңашылдықтың келесі ажырамас бөлігіне - әлеуметтік жаңалықтар жатады. Мұндай жаңалықтың техникалық базасы ретінде игерілген әлеуметтік технологиялардың жиынтығы қарастырылады.

Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігінің деңгейіне негізінен мынандай басты факторлар әсер етеді:

– өндірістік технологияны жетілдіру дәрежесі мен ғылыми-техникалық

деңгейі;

– жаңа өнер табулар мен жаңашылдықтарды қолдану;

– қәзіргі заманға сай автаматтандырылған және роботтандырылған

өндіріс құралдарын енгізу.

Сонымен бейімділік пен жаңашылдық ұйымның бәсекеқабілеттілік қасиетін қалыптастыруға қажетті және жеткілікті жағдайларды айқындайды.

Бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі – кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесін шешетін және сол ұйымның нарықтық орта элементтерімен бәсеке қабілетті басқару жүйесін құру. Осы орайда шаруашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастарға бейімделген басқару жүйесін құру процесін жеделдеткен жөн. Сонымен қатар бәсеке қабілетті басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуін және стратегиялық бағыт-бағдарын күшейте түсу керек.

Кәсіпорынның бәсеке қабілетті басқару жүйесі негізінде кәсіпорынның потенциалды мүмкіндіктерін және сыртқы орта талаптарын ескере отырып, ақпараттық технология негізінде өздерінің міндеттерін арнайы функцияландырылған әдістер мен тәсілдер арқылы орындайтын органдар жиынтығы түсініледі. Бәсеке қабілетті басқару жүйесі – бұл қоршаған орта факторларының ықпалы негізінде өзін-өзі реттеу қабілеті бар күрделі ағза.

Кәсіпорынның бәсеке қабілетті басқару жүйесінің ең негізгі қағйдасы – бұл кәсіпорынның қызмет етуі мен дамуының стратегиясы және мақсаттарды таңдаудағы негізделген өндірісті басқару жүйесінің бағыт-бағдары негізінде жаңа технология мен жаңа өнім енгізу, кәсіпорынның материалдық- техникалық базасын ескере отырып оның потенциалды мүмкіндіктерін бағалау және бәсекелестік ортаның жағдайын болжау негізінде қызметтердің перспективалы бағыттарын анықтау түсініледі.

Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігін жоғарылату стратегиясының жүйесін келесідей үлгіде көрсетуге болады:

1. Кәсіпорының сыртқы ортада жүзеге асыратын атап айтқанда тауарлық,

баға белгілеу, жабдықтаушылармен қарым-қатынас, ақша және бағалы

қағаздар нарығындағы іс- әрекет, трансакциялық шығындарды төмендету,

сыртқы экономикадағы қызмет стратегиясы.

2. Кәсіпорының ішкі ортасында жүзеге асырылатын, яғни өндіріс

шығындарын төмендету, инвестициялық қызмет, қызметкерлерді

ынталандыру, ақпаратпен қамтамасыз ету стратегиялары.

Кәсіпорының тауарлық стратегиясы келесілерді қарастырады:

– кәсіпорынның спецификасына жауап беретін, тауарлар мен қызмет

көрсетулердің потенциалды нарығын қалыптастыру және зерттеудің

тәсілдері мен ережелері;

– кәсіпорынға неғұрлым тиімді шаруашылық жүргізудің стратегиялық

аймақтарын іздеудің әдістерін;

– кәсіпорынның сыртқы тиімділігін қамтамасыз ететін аймақтарды

басқару әдістерін.

Ал тауарлы стратегияның негізгі міндеттеріне төмендегілер жатады:

– стратегиялық перспективті міндеттерін өзіндік ресурстар және

нарықтық потенциялды мүмкіндіктермен үйлесуі;

– тауар (технологиялар) сұранысының өмірлік циклдерін талдау;

кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін жоғарлатуды қамтамасыз ететін

тауар ассортиментін әзірлеу.

Бәсекеге қабілеттілікке жетудің ең оңай жолы – ұйым өзі бәсекелестерінің әлсіз тұстарын немесе артықшылықтары жоқтығын анықтап, басымдығын нығайту. Яғни, кәсіпорын бәсекелестері сондай табысқа ие болмаса, бәсекеде жауап бере алмаса, біраз шығынға ұшырайды.

Кәсіпорын айтарлықтай жеңіске ие болмаған күнде де қолда бар ресурстарға, нақты тәжірибеге сүйене отырып, өз стратегиясын әзірлеуі керек. Қолда бар ресурстар мен біліктілікті қолданбайтын стратегияны құру әрқашан тиімсіз болмақ.


2."ШВАБ ШҰЖЫҚ" КӘСІПОРНЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ШИКІЗАТЫН ӨҢДЕУДІҢ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ


2.1 Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері


Шваб шұжық кәсіпорны 1994 жылы құрылды. Бұл кезде Нұрсилинов А.К. және Рахымғалиев Ж.Н. деген екі кәсіпкер өз кәсіптерін біріктіріп, "Айгерім Сауда Үйі" АҚ- ын құрады. Олардың меншік иелену мен басқарудағы үлестері және құқықтары тең болды. Сол кезеңдегі қызметтерінің негізгі бағыты – жұмыс істеп тұрған дүкен мен ЖҚС-рының желісі арқылы жиһаздар мен мұнай өнімін өткізу болатын. Өз республикамыздағы және мемлекеттер арасындағы құлдырап кеткен орталықтандырылған қамсыздандыру жүйесі қызметтің жаңа түрін тудырады: Өзбекстанға, Ресейге және Қазақстанның мұнай-газ өндіру аймақтарына тауарлық етті даярлау және көптеп өткізу. Еттің ірі партияларын қайта өндіру, сою, жеткізу үшін 1995 жылы "Айгерім СҮ" АҚ Семей ет комбинатының филиалы болып табылатын Ұржар қасапқанасын сатып алып, 1000 тоннаға дейін ет сақтауға арналған тоңазытқыш орната отырып ішкі құрылымын өзгерту арқылы оны ет комбинатына айналдырады. Бұл мақсаттарда Аягөз ет комбинатының да акциясының біраз бөлігі сатып алынады, кәсіпорынның сауықтыру жұмыстары жүргізіліп, мал сою және ет өнімдерін қайта өндіру жұмыстары қалпына келтіріледі.

Обылыстағы шұжық өндіруші жалғыз өнеркәсіп орны- Семей қаласындағы ірі ет комбинатының тоқталуымен нарықтық бұл нишасы өнімді қарапайым әдіспен, арнайы жабдықталмаған жағдайларда өндіретін, тұтынушылар сұранысын саны жағынан да, сапасы жағынан да қанағаттандырмайтын ұсақ кәсіпкерлермен тола бастады. Кәсіпкерліктің болашағы соңғы өнімді өндіруде жатқанын сезінгеннен кейін қызметтің бұл бағыты келешекте басымдылыққа ие болды. 1996 жылы ғимараттарын жөндеуден өткізіп, бұрынғы ет комбинаттардың қолдануында болған құрал-жабдықтарды сатып алып, құрастырып және оларға мамандарды жұмылдырып, "Айгерім СҮ" Ақ шұжық өнімдерінің өндірісін толығымен игерді. Өндіріс шикізаты: шошқа және ірі-қара мал еті- халық пен шаруа қожалықтарынан сатып алу арқылы дайындалды, материалдар мен қоспалар Ресей мен Қазақстан кәсіпорындарынан сатып алынады.

Кейіннен цех Қазақстан мен Ресейде жасалған сүрлеу және қайнату камераларымен, толтыру машинасымен және басқа қажетті құрылғылармен толықтырылды. Өнім стандарттау комитетімен сертификатталған; тұтынушылар сұранысына ие болады. Шұжық өнімдерінің таратылуы мақсатында Семей, Өскемен және Алматы қалаларында бөлшек сауда және көптеп сату желілері құрылған. Өндіріс көлемі айына 50 тоннаға дейін жеткізілді. Пісірілген және жартылай сүрленген шұжықтың 50-ден астам түрі, деликатестік және ұлттық тағамдардың 15 түрі, сонымен бірге: мал майы, көже-сорпа қоспалары өндіріледі. Алайда мұнымен кәсіпорынның техникалық дамуы тоқтап қалды. Бірінші кезекте тауарлық ет өндіруге, ал содан кейін ғана шұжық өнімдерін өндіруге қалыптасқан комбинат техникалық жағынан қайта құрылымданбады. Физикалық ескірген және моральдық тозған құрал-жабдықтар өнімнің сапасы мен тауарлық түрінің жақсаруын қамтамасыз етуге, ассортиментті кеңейтуге, өнімділікті көтеруге қабілетсіз болып отыр. Фарыш өндіру мен батондарды толтырудың вакуумды технологисын пайдаланатын қазіргі заман машиналарының болмауы өнімнің сақтау уақыты мен тарату уақытын ұзартуға мүмкіндік бермей отыр.

Малды союдан кейін артылып қалған терілер фирманың жаңа бағытын- кейіннен жеке кәсіпорынға айналған тері және тон өнімдерін шығару өндірісі ашылды.

Кәсіпорынның төмендегідей өндіріс қуаттары бар: 1. Негізгі өндірісатік цехтар:


  • Мал сою және етті бөлшектеу цехі;

  • Жіліктеу цехі;

  • Шұжық цехі;

  • Тері кептіру цехі;

  • Ет тоңазытқышы;

  • Дайын өнім тоңазытқышы;

  • Малды союға дейін ұстау орны;

  • Сапаны бақылау зертханасы.

2.Қосалқы цехтар мен өндірістік қызметтер:

  • Механикалық цех;

  • Гараж;

  • Әкімшілік-тұрмыстық корпус.

3. Өндірістік емес бөлімшелер:

  • Асхана.

Өндіріс келген шикізат пен дайын өнім сапасын бақылау зертханасымен жабдықталған. Арнайы құрылған бөлімше шикізат пен материалдарды, дайын өнімді сынықтан өткізіп, технологиялық процесс нормаларының сақталуын бақылайды.

Қолда бар өндіріс қуаттары бір ауысымды 5 тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді.Алайда, сауда тапсырыстарына бейімделген өндіріс өндіріліп жүрген тауар ассортименті мен сапасының орташа айлық 70 тоннасын ғана шығаруға мүмкіндік ашты.

Шұжық цехіне сиыр, жылқы және шошқа еті сою цехінен жартылай бөлінген күйде немесе тоңазытқыштан суытылып, ерітілген күйде әкелінеді. Мал етін тазартып, семіздігіне байланысты сорттап, өлшейді.

Бөлшектеу

– мал еті арнайы бөлшектеу консерінде пышақпен бөлшектенеді. Мал етінің сүрленген өнім өндіруге арналған сан етін, төсін және төс етін бөліп алады, қалған бөліктері жіліктеуге кетеді.

Жіліктеу

– мақсаты- етті сүйектен ажырату. Сүйектердің жекелеген түрлері (омыртқа) алынбаған етімен сорпа жиынын, қуырдақ, сүрленген шошқа сүйектерін өндіруге және одан арғы таратылуға бағытталады.

Сұрыптау және сіңірінен айыру

– оның мақсаты –сіңірлерді, ірі пленкаларды, шеміршектерді, қан тамырларын және ұсақ сүйектерін бөліп алу. Бұл жұмыстар жалпақ және ұзын дүзі бар арнайы пышақ арқылы қолмен жүргізіледі. Етті қоспалық тамырлары мен майлылығына байланысты сұрыптайды.

Етті тұздау

– тұздалуға кететін ет және өнімдері шұжық өнімінің түріне байланысты ұсақталады. Етті инъектер арқылы тұздайды. Сүрленгген қатты шұжықтар мен деликатестер үшін етті 400-600 грамм бөліктермен тұздайды. Тұздау уақыты мен тұз мөлшері –ережелерге сәйкес әр өнім түріне байланысты әр түрлі.

Фарш дайындау

– тұздау жұмыстары аяқталғаннан соң, етті екінші қайта куттерде ұсақтайды. Бір еттарту машинасына 10кг ет сияды, тарту жылдамдығы 380 порция/мин.

Термиялық өндеу

– шұжық өнімдерін термиялық өндеу жұмысы тұндыру, сүрлеу (өнім түріне байланысты қуыру, қайнату, ыстық және суық сүрлеу), суыту және кептіруден тұрады. Толтырғыштар мен жасанды орамаларды қосу кезінде қайнатылған шұжық, сардельки және сосискаларды тұндырудың қажеті жоқ.

Сүрлеу

– температураға байланысты сүрлеудің үш түрін ажыратады:

Қақтау-70-120 С температурада 30-150 мин аралығында қысқа уақыттық сүрлеу (қайнатуға дейін). Ыстық сүрлеу-35-50С температурада 12-48 сағат сүрлеу. Суық сүрлеу-18-22С температурада 2-5 тәулік сүрлеу.

Түтінің әсерінен ылғалдың 10-20%-ға жоғалуы, хлорлы натрий концентрациясының өсуі нәтижесінде сүрленген ет өнімдерінің сақталуы уақытын ұзартуға мүмкіндік болады. Шұжық өнімдерін сүрлеу үшін сүрлеу және жылулық камералар пайдаланылады.

Жылулық өндеу

– шикі ет өнімін дайын күйге дейін жеткізу, микро ағзалардың вегативті түрлерінің көпшілігін жою, ферменттерді жұмылдыру, ақуыздарды денатурациялау және ірілендіру, коллаинді желатинге айналдыру. Жылулық өндеуге қайнату мен булау жатады. Қайнату кезінде өнімді суда, сорпада немесе буға толы ауда қыздырады. Термиялық өндеудің ұзақтығы шұжық өнімдерінің әр түріне арналған технологиялық ережелерге сәйкес келуі тиіс.

Шұжықтарды кептіру

– бұл процесс ауданы желдету және температуралық, ылғалдық шарттарын бақылау құрылғыларымен жабдықталған камерада жүргізіледі. Кептірудің мақсаты – сақтау кезіндегі шұжықтардың төзімділігін жоғарылату. Кепкен шұжықтарға деген сұраныс кезіндегі шұжықтардың төзімділігін жоғарылату. Кепкен шұжықтарға деген сұраныс жоғары болады, яғни бұл олардың дәмдік ерекшіліктеріәмен және өнімді сақтау жағдайлары болмаған кезде сақтауға деген қажеттілікпен түсіндіріледі.

Өнімді орап, түю

– өнім сәйкесінше атауы белгіленген вакуумды немесе аллюминий қаптамаға оралады.

Активтерді талдау кезінде есепті жылда олар қалай жұмсалғандығына және негізгі назар қайсысына аударылғандығын анықтау қажет. Сонымен қатар компанияның өндірістік потенциалының жағдайы, оның негізгі құралдары жайлы мәліметтерді білу маңызды. Ол үшін өндірістік потенциал көлемін анықтап алайық. Оның құнына негізгі құралдардың құны мен өндірістік запастардың, аяқталмаған өндірістің құндары қосылады. Өндірістік потенциал құны 2005 жылдың басына қарай (1-кесте) 19 718 мың теңге, жыл соңында 14 521 мың теңге болды, яғни ол 5 197 мың теңгеге немесе 26,3%-ға қысқарған.


1-кесте.

«Шваб шұжықтары» ЖШС активтерінің, өзіндік капиталының және міндеттемелерінің динамикасы.

Көрсеткіштер

Жыл соңына есептелген абсолютті өлшем, мың теңге

Құрылымы, %

2003

2004

2005

2003

2004

2005

1

2

3

4

5

6

7

I

.

Ұзақ мерзімді активтер,

оның ішінде



8 057

15 302

14 474

100,0%

190%

179,6%

Негізгі құралдар

8 057

15 302

14 474

100,0%

190%

179,6%

II

.

Ағымдағы активтер

17614

62 670

34 969

100,0%

356%

198,5%

тауарлық-материалдық қорлар

-

4416

47

0.0%

0%

0.0 %

Дебиторлық берешек

15 804

53 783

34 108

100,0%

340%

215,8%

Қысқа мерзімдік ақшалай салымдар

1 698

4

4

100,0%

0%

0,2%

ақшалай қаражаттар

20

4 467

810

100,0%

22335%

4050,0%

Өзге түрдегі ағымдағы активтер

92

-

-

100,0%

0%

0,0%

Барлығы



25 671

77 972

49 443

100,0%

304%

192,6%

I

.

Меншікті капитал

6 090

24 223

23 117

100,0%

398%

379,6%

II

.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

-

-

-

100,0%

0%

0.0%

III. Ағымдағы міндеттемелер

19581

53 749

26 326

100,0%

274%

134,4%

Несиелік берешек

19 581

53 749

26 326

100,0%

274%

134,4%

Барлығы



25 671

77 972

49 443

100,0%

304%

192,6%
?


elmi-srlr--2016--6-76-17.html

elmi-srlr--2016--6-76-21.html

elmi-srlr--2016--6-76-26.html

elmi-srlr--2016--6-76-30.html

elmi-srlr--2016--6-76-35.html