©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

«Ең үздік математик-2013» тапқырлар сайысы Сабақтың мақсаты: Тәрбиелік

«Ең үздік математик-2013» тапқырлар сайысы


Сабақтың мақсаты:

Тәрбиелік:

Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Білімділік:

Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқыр-лығын, оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық:

Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Көрнекілігі:

Безендірілген зал, нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логи-калық есептер.

Типі:

Ойын түрінде

Жоспары:

1. Сайыскерлердің өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. Озық ойлы оқушы:

3. Жұмбақтар шешейік:

4. Адасқан әріптерден сөз құрау:

5. Викториналық сұрақтар

6. Логика сайысы

7. кім жылдам?

8. Қорытындылау.

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)

Жүргізуші:

Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «

Ең үздік математик-2013

» ойынына қош келдіңіздер.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

Шеберлікті, білімді

сараптап сіздер көріңіздер

Әділқазы алқасы

Әділ баға беріңіздер!

Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.

Көңілді тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарына салады.

Кім білімді көп оқыған болса егер,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.

І. Танастыру.

ІІ. Озық ойлы оқушы

1) Қай сайыскер шапшаң және дұрыс есептейді:

8-4-3= 1 (8+4):3= 4 8:4+3= 5

8:4·3=6 8-4+3= 7 8+4-3= 9

(8-4)·3=12 8+4+3= 15 8·4-3= 29

8·4+3= 35 (8+4)·3= 36 8·4·3=96



  1. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды? Жауабы:10 торғай қалды, ал қалғаны ұшып кетті

3) Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүрген?

Жауабы: 12

4) Түйе, бота маң басқан

Төр аяғын тең басқан

Бие бар құлын емізген

Қос ешкі туған егізден

Үш қозы мен екі қой

Бәрі қанша ойлап қой.

15

5)Дүкеннен мен сабын алдым

Оның және қабын алдым

Екі дәптер бір қарындаш

Тіс ысқышты тағы алдым

Есептеші сонда бәрі

Қанша болды қолда бәрі? 6

6) Есептеңіз: 12 + (2)3

20

7) Салыстыр: а) 999 және 9999

б) 23 және 32

99

<

999



  1. < 9



8) Квадраттың  қабырғасы

5 см  болса,

оның ауданы  неге тең? 25 см 2

ІІІ. «

Жұмбақтар шешейік

» сайысы.



  1. Айқасқан 2 таяқ, тұрады жоқты сұрап [x]

  2. Шекер жейтін аққұтан

Бір қазыққа байланды

Аузына тістеп шекерін

Ол қазықты айналды. Циркуль


  1. Қандай санның атының жазылуында

қанша әріп болса, соншалық цифр бар? жүз-100

4. Бірдей санды бірнеше рет,

Көбейтуден тұрады.

Егер оны ықшамдасаң,

Қандай атау болады. Дәреже

5. Егіз тұған қос жүйрік,

Жарыса шауып терлейді.

Бірін-бірі көрмейді,

Бір мәреге келмейді. Паралель түзулер
6. Нәрселерді санағанда,

Керек ол бізге ауадай.

Айтындаршы бұл қандай сан

Жан-жағына қарамай. Натурал сан

7. 12 бұтағы бар алып емен,

52 шыбық тарап, өсіп өнген.

Шыбық сайын 7-ден жапырағы

Бар ма еді, сондай ағаш көзің көрген. Жыл, 12ай, 52апта, 7күн


8. Жоқ өзінде бас та,

қас та, мойын да,

Ұзындығы жазылып

тұр бойында Сызғыш

IV. Адасқан әріптерден сөз құрау

А Н С, Л Е С У Ә, К И Р Ь Л У Ц, А П Р Е Л Ь Л Л А, У К Б , З У Ү Т

Ұ Р Ш Ы Б , Н У К Я И Ф Ц

Жауаптары: сан, сәуле, циркуль, параллель, куб, түзу, бұрыш, функция.

V. «

Викториналық сұрақтар

» сайысы.

(әр сайыскер жауап беру керек)

1.Қандай сандар натурал сандар деп аталады?

2. Шеңбердің радиусы 6 см.Диаметрі қанша?

3. 7 рет өлшеп , … рет кес

4. Жұп цифрларды ата.

5. Санды қандай санға бөлуге болмайды?

6. Ең үлкен екі таңбалы сан?

7. Шеңбер салуға арналған құрал?

8. Жігіт1 сырлы , … қырлы

9. 1 сағатта қанша минут бар?

10. Метрде неше сантиметр?

11. Қандай натурал сандар 5-ке бөлінеді?

12. Бір ғасырда неше жыл?

13. Ең кіші натурал сан?

14. Тоннада қанша килограмм бар?

15. Глобус қандай фигураға ұқсайды?

16. Алғашқы әйел математик кім?

17. Төрт қабырғасы тең төртбұрыш?

18. Төрт қойдың неше аяғы бар?

19. 1 тонна мақта ауыр ма, әлде 10 центнер темір ?

20. 12- ні 10 есе арттыр?

21. 7 жұрттың тілін біл, ... түрлі білім іл

VІ. «Логикалық сайыс» сайысы

1.Үстелде 3 стақан сүт бар.

Алмаз бір стақан сүтті ішіп қойды.

Үстелде неше стақан бар? 3 стақан

2.Термометр аяз болғасын – -3 градус

көрсетіп тұр. Осындай екі термометр

неше градус көрсетеді? -3

3.12 айдың ішінде 28 саны қай айда кездеседі? ақпан

7. Кім жылдам?

Екі сайыскер тақтадағы есептерді шығарады.

Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.

Қорытынды:

Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

Көбенсай орта мектеб


«Ең үздік математик-2013»

Тапқырлар сайысы

(5-8 сыныптар)


Математика пәнінің мұғалімі: Кадирова Ш.А.

2012-2013 оқу жылы
?


drst-bektu-sratari---hh--2.html

drst-bektu-sratari--.html

drst-masati---azastan.html

drst-mazmni----h---.html

drst-mazmni---barlii--135-12.html